Жарияланған күні: 19.09.2025 11:17
Өзгертілген күні: 19.09.2025 11:22

Павлодарда Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Кәмшат Арыстанбекова мен Мемлекеттік кірістер комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі Тасқын Ақбаевтың облыстық мемлекеттік кірістер, ішкі мемлекеттік аудит, қазынашылық, сондай-ақ мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменттерінің мамандарымен кездесуі өтті.

 

Кездесудің негізгі мақсаты – бұзушылықтарды алдын алу және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру.

 

Іс-шара барысында мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы қолданыстағы заңнаманың негізгі ережелері талқыланды. Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтауға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуына тыйым салуға ерекше назар аударылды.

 

- Этикалық нормалар кез-келген кәсіби қызметті жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады, бірақ этикалық стандарттардың рөлі ерекше болатын мамандықтар бар. Мемлекеттік қызметтегі жұмыс адамға белгілі бір міндеттемелер жүктейді, - деп атап өтті Кәмшат Арыстанбекова.

 

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзуды алдын алу үшін қабылданатын шаралар туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі айтып берді. Сапар аясында Тасқын Ақбаев мамандардың жұмыс кабинеттеріне барып, өзекті мәселелермен, қызметте туындайтын қиындықтармен танысты, сондай-ақ байланыс-орталығының жұмысын бағалады.

 

Іс-шара соңында Әдеп жөніндегі уәкілдер мемлекеттік қызметшілерге "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдардың, Әдеп кодексінің ережелерін қатаң сақтауды ұсынды. Олар әріптестеріне кәсіби қызметте табыс тіледі.

 

         Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы