
Облыстың мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік бюджет түсімдерін қамтамасыз ету бойынша біраз жұмыстар атқарды. 2016 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 235 198,9 млн.тенгенің түсуін қамтамасыз етті. Соның ішінде республикалық бюджеттің болжамы 27 204,7 млн.тенгеге артық орындалды, немесе нақты 147 424,8 млн. тенге түсті, жергілікті бюджет түсімі 87 774,1 млн.тенгеге қамтамасыз етіліп, 2 420,3 млн. тенге артық түсті. Өткен жылмен салыстырғанда өсім қарқыны республикалық бюджет бойынша 174,8 % , ал жергілікті бюджет бойынша 115,8 %-ды құрады.
Қазақстан Республикасы Мемлекттік кірістер комитетінің алдын ала деректеріне сәйкес республика облыстарының рейтингтері бойынша Павлодар облысы алдыңғы қатарларда болып үшінші орынға ие болды.
Мемлекеттік кірістер органдары жыл бойы бюджеттің барлық деңгейлеріне түсімдердің қосымша резервтерін қамтамасыз ету бойынша мақсатты түрдежұмыстар жүргізіп, камералдық бақылау, салықтық және кедендік әкімшілендіру сияқты жұмыстардың қорытындылары бойынша 2016 жылы бюджетке қосымша 7100,1 млг.теңге түсуін қамтамасыз етті. Ағымдағы жылы да тек қана қаңтар айында жүргізілген әкімшілендіру және камералдық бақылау жұмыстарының нәтижесінде бюджетке қосымша 244 019,7 мың теңге түсті.
Департаменттің экономикалық тергеу қызметі 2016 жылы 352 қылмыстық істі аяқтады, соның ішінде 201 іс сотқа жіберілді. Аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген зиян 3 734, млн.теңгені құрады, оның 2 783,0 млн.теңгесі үкіметке қайтарылды, қайтарылу көлемі 74,5%-ды құрады.
Кедендік төлемдер бойынша түсімдер жоспары 251,1 % орындалды, болжам бойынша 393,3 млн. тенгенің орнына 987,5 млн. тенге түсті.
2016 жылы салықтық тексерістердің нәтижесінде 21 133,1 млн.тенгенің салықтары мен төлемдері қосымша есептелінді. Одан басқа 8 кедендік тексеріс жүргізіліп нәтижесінде 418,9 млн.тенге қосымша есептелінді.
Болжамдық көрсеткіштерді орындауды барлық қалалар мен аудандар бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары да қамтамасыз етті.
Ағымдағы 2017 жылы да бюджетке түсу болжамын орындауда оң динамика байқалады. 2017 жылдың 01 наурызна мемлекеттік бюджеттің орындалуы 155,0% құрап, болжам бойынша 32 764,5 млн. тенгенің орнына, нақты 50 783,4 млн. тенге түсті. Өткен жылмен салыстырғанда өсім қарқыны 136,2 % немесе 13 495,4 млн. тенгені құрады. Соның ішінде республикалық бюджет бойынша 158,6 % (21899,3 млн. тенге), яғни 11 491,4 млн. тенгеге артық орындалды, ал жергілікті бюджет бойынша 149,6 %-ды құрады,яғни 6 527,6 млн. тенгеге(15 388,7 млн. тенге).
Кейінгі 15 жылда бюджетке түсімдер көлемі 202,3 млрд.тенгеге артты, егер 2001 жылы бюджетке 35,0 млрд. тенге түскен болса, 2016 жылы 237,3 млрд. тенге түсті, немесе 7 есе өсті (6,7).
2016 жылы 619 007 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде 509 115 қызметі, немесе 82,2% электронды түрде көрсетілді.
2016 жылы Сандж зерттеу орталығы жүргізген зеттеудің қорытындысы бойынша Павлодар облысы мемлекеттік кірістер органдары көрсеткен қызметтерінің сапасы бойынша 9,2 балл алып республика бойынша екінші орынға ие болды.