
2017 жылдың 1-қаңтарынан бастап кеден және салық заңнамаларына енгізілген дүзетулер күшіне енді. Сонымен қатар басқа да 26 құқықтық актілерге өзгерістер мен қосымшалар енгізілді – олар Азаматтық кодекс, Кәсіпкерлік кодекс, «Құнды қағаздар туралы» Заң, «Төлемдер және аударымдар туралы» Заң және басқалар. Өзгерістердің қарапайым азаматтарға да және бизнеске де қатысы бар және кәсіпкерлік ортаға жақсы жағдай жасауға және әлеуметтік –экономикалық дамуға бағытталған. Жалпы өзгерістердің саны тек қана салық заңнамалары бойынша – 234, соның ішінде салық саясаты бойынша – 27, әкімшілендіру бойынша – 207.
Салық заңнамаларындағы негізгі өзгерістер келесі мәселелер бойынша. Жалпылай декларациялаудың басталу мерзімі бұрынғы кезеңдеп енгізу жоспарының орнына бір кезең болып 2020 жылға өзгертілді.
Салық кодексіне шет елдердегі мүліктерді, шет ел банкілеріндегі шоттарды және ондағы ақшаларды, құнды қағаздарды, заңды тұлғалардың жарғысындағы үлестерін міндетті түрде декларациялау талабы енгізілді. Декларация 31-наурыз кешіктірмей тапсырылуы қажет.
Жеке кәсіпкерді (ЖК) тіркеу 2017 жылдан бастап хабарлама жасау арқылы іске асырылды. ЖК болу үшін хабарламаны толтырып электронды үкімет сайты арқылы Мемлекеттік кірістер басқармасына (МКБ) хабарлама жасаса болды.
ҚҚС төлеуші болып міндетті түрде тіркелу бойынша деңгейін кезеңмен төмендету енгізілді.
2017 жылдың 1-қаңтарынан 2018 жылдың 1-қаңтарына дейін тиісті қаржылық жылдың 1-қаңтарына күші бар республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген Ең төменгі есептік көрсеткіштің (ЕТЕК) 30000 еселік көрсеткіші.
- 2018 жылдың 1-қаңтарынан 2019 жылдың 1-қаңтарына дейін – 25000 ЕТЕК көлемінде;
- 2019 жылдың 1-қаңтарынан 2020 жылдың 1-қаңтарына дейін – 20000 ЕТЕК көлемінде;
- 2020 жылдың 1-қаңтарынан – 25000 ЕТЕК көлемінде.
Жұмысын тоқтатып жабылатын ЖК мен заңды тұлғаларды тексеру функциясының біразы аудиторларға берілді және жабылатын субъектінің Жиынтықталған жылдық табыс көлемі 2 есе көтеріліп 60 000 (136 140 000) ЕТЕК-тен 120 000 МРП (272 280 000) ЕТЕК болды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жанынан тексерулердің нәтижелері және уәкілетті органның бұзушылықты жою туралы хабарламаларын қарайтын Апелляциялық комиссия құрылды.
661-1 бабына салық органдары жеке тұлғаларға мүлік салығы, жер салығы және көлік салығы бойынша қарыздары бар екені туралы мәліметтерді салық органдарының интернет-ресурстары орналастыру арқылы, коммуналдық қызмет көрсетушілердің құжаттары арқылы, салық төлеушілердің электрондық адрестері арқылы, салық төлеуші берген нөмірмен СМС-хабарлама арқылы жеткізу мүмкіндігі қарастырылған. Ол үшін МКБ-на ұялы телефон нөмірі мен email адресін беру қажет.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында кеден ісі туралы» Кодекске Сыртқы экономикаға қатысушылар үшін кедендік операцияларды жеңілдету және әкімшілік бөгеттерді азайту мақсатында, келген жерінен бір елді мекеннің әкімшілік-аумақтық шекарасында орналасқан уақытша сақтау орнына жеткізілетін шет елдік тауарларға қатысты кедендік транзит қолданылмайтыны туралы қосымша енгізілді (мысалы, аэропорттан УСҚ дейін).
Егер, тауар келетін жерінен Қазақстан Республикасында орналасқан жеткізілетін жеріне әуе көлігімен жеткізілсе кедендік транзиттеуде кеден баждарын, салықтарды төлеу міндеттемесін растайтын құжат талап етілмейді.