Жарияланған күні: 10.10.2024 16:48
Өзгертілген күні: 10.10.2024 16:50

Құрметті павлодарлықтар!

 

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті интернет-алаяқтықтың өсіп келе жатқан үрдісі туралы ескертеді.

Департамент пен оның басшылығы атынан павлодарлықтарға WhatsApp және Telegram арқылы жалған хабарламалар жасау жағдайлары жиілеп кетті. Бұл хабарламаларды интернет-алаяқтар жібереді.

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қырағылық танытуды және дұрыс емес жіберулерге сенбеуді, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуді, ақша қаражатын аудармауды, алынған хабарламалардың дұрыстығын тексеруді, жеке деректерге, электрондық кілттерге және басқа да құжаттарға қол жеткізуді шектеуді, оларды бөгде адамдардың пайдалануына жол бермеу үшін ұсынады.

Департамент тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады!

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы