Жарияланған күні: 26.05.2023 17:30
Өзгертілген күні: 26.05.2023 17:31

Салықтық берешегі өтелмеген жағдайда мемлекеттік кірістер органдар ҚР Салық кодексінің 116, 121 бабына сәйкес мерзімде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері және салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылады.

Мәжбүрлеп өндiрiп алу шараларын және тәсілдерін қолдану басталғанға дейiн тәуекел деңгейі орташа және жоғары салық төлеушілерге салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама жiберiледi.

Мәжбүрлеп өндiрiп алу шаралары мен тәсілдері қолдану тәртібі келесі:

 1) Өсімпұлды есепке жазу - салықтық міндеттемені орындаудың мерзімі өткен әрбір күні үшін өсімпұлды есепке жазу;

2) Салық төлеушінің банктік шоттары бойынша және кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру - тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәртiбі:

- тәуекел деңгейі жоғары  салық төлеуші – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң;

- тәуекел деңгейі орташа  салық төлеуші – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң.

3) Салық төлеушiнiң мүлікке билік етуін шектеуі  келесі:

1) салықтық берешекті өтемеген жағдайда салық төлеуші тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес:

- тәуекел деңгейі жоғары– салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң;

-тәуекел деңгейі орташа  – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні өткен соң;

2) салықтық мониторингке жататын салық төлеушіні қоспағанда, салық төлеушi хабарламаға шағым жасаған жағдайда жүргiзедi.

4) Банктік шоттардағы ақша есебінен- салық төлеуші (салық агенті) салықтық берешек сомаларын төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәртібі:

- тәуекел деңгейі жоғары салық төлеуші  – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң;

- тәуекел деңгейі орташа салық төлеуші– салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап жиырма жұмыс күні өткен соң;

5) Дебиторлар шоттарынан- Тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекел деңгейі жоғары немесе орташа санатқа жатқызылған салық төлеушiде банктік шоттар болмаған жағдайда,  банктік шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алынғаннан кейін салықтық берешек өтелмеген кезде салық органы түзілген салықтық берешек шегiнде салық төлеушiге берешегi бар үшiншi тұлғалардың банктік шоттарындағы ақшаға өндіріп алуды қолданады (яғни  дебиторлар);

6) Билік ету шектелген мүлікті өткізу есебінен- Салық органы тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекел деңгейі жоғары немесе орташа санатқа жатқызылған салық төлеуші (салық агенті) – заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның банктік шоттарында және оның дебиторларының банктік шоттарында ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған не оның және (немесе) оның дебиторларының банктік шоттары болмаған жағдайларда, оның келісімінсіз салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкіне өндіріп алуды қолдану туралы қаулы шығарады;   

7) Жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару түрінде - Салық Кодекстiң 121-бабы 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген барлық шара қабылданғаннан кейін салық төлеуші (салық агенті) – жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғам салықтық берешек сомаларын өтемеген жағдайда, уәкілеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығарту туралы талап арызбен сотқа жүгінеді.

 

Павлодар облысы бойынша МКД берешекпен жұмыс басқармасы