Жарияланған күні: 04.09.2025 08:57
Өзгертілген күні: 04.09.2025 09:00

Қолданыстағы заңнамада салық төлеушілердің дебиторлық берешегі есебінен салық берешегін өтеу механизмі көзделген.

 

Аталған құрал бюджет алдындағы берешекті азайтуға және салық міндеттемелерінің неғұрлым тиімді орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған. Егер борышкерде мерзімі өткен дебиторлық берешек анықталса, салық органдары оны өндіріп алу рәсімін бастауға және алынған қаражатты салықтық міндеттемелерді өтеуге бағыттауға құқылы.

 

Сонымен қатар, бұл механизмді қолдану белгілі бір тәуекелдермен байланысты: қарсы тараптармен даулар, сот талқылаулары және компаниялар қызметіндегі қаржылық қиындықтар.

 

Аталған рәсімдерді реттеу Қазақстан Республикасының Салық кодексі мен азаматтық заңнамасы шеңберінде жүзеге асырылады. Тәуекелдерді төмендету мақсатында бизнеске дебиторлық берешекті уақтылы есепке алып, оны құжатпен растау ұсынылады.