
Ақтоғай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілер үшін Ашық есік күні өтті, оның шеңберінде 2026 жылдан бастап күшіне енетін Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер талқыланды.
Іс-шараға қатысушылар – жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының басшылары, есепшілер – салық заңнамасындағы алдағы жаңалықтар туралы біліп, өз сұрақтарын қоя алды.
Кездесу барысында келесі сұрақтар талқыланды: салық есептілігі нысандарының қысқаруы, арнайы салық режимдерінің өзгеруі, ҚҚС реформалануы, жалпыға бірдей декларациялау, салықтық әкімшілендіруді цифрландыру.
Ашық диалогтың арқасында салық төлеушілер өзгерістерге дайындық бойынша тәжірибеліқ ұсыныстар алды және өзекті мәселелерді талқылады.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы