Жарияланған күні: 13.10.2025 16:32
Өзгертілген күні: 13.10.2025 16:33

Баянауыл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілер үшін Ашық есіктер күні өтті, оның шеңберінде 2026 жылдан бастап күшіне енетін Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер талқыланды.

 

Іс-шара барысында МКБ мамандары салық төлеушілерге алдағы өзгерістер бойынша кеңес берді: салықтарды есептеу және төлеу тәртібі, салықтық жеңілдіктерді қолдану, электрондық сервистерді пайдаланудың артықшылықтары.

 

Іс-шараға қатысушылар салық заңнамасындағы алдағы жаңалықтар туралы біліп, өз сұрақтарын қоя алды. Мұндай іс-шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы