Жарияланған күні: 15.12.2025 17:06
Өзгертілген күні: 15.12.2025 17:13

2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіру, салық төлеушілердің салық сауаттылығын арттыру мақсатында Екібастұз қаласы, Ертіс және Май аудандары бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары ақпараттық-түсіндіру семинарларын өткізді.

Іс-шаралар барысында мемлекеттік кірістер органдарының мамандары қатысушыларды Салық кодексінің негізгі өзгерістерімен және жаңалықтарымен, оларды қолдану тәртібімен, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға салық салудың өзекті мәселелерімен егжей-тегжейлі таныстырды.

Мұндай семинарларды өткізу салық органдары мен салық төлеушілер арасында ашық және сенімді қарым-қатынастарды қалыптастыруға ықпал етеді.

Семинарларға шағын және орта бизнес өкілдері, бухгалтерлер, жеке кәсіпкерлер қатысты. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ашық диалог форматында түсініктеме алуға мүмкіндік алды.

         Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы