Жарияланған күні: 03.10.2025 15:29
Өзгертілген күні: 03.10.2025 15:31

Соттарда мемлекеттік баж төлеуден босату туралы

Құрметті салық төлеуші!

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 616-бабының                                13) тармақшасына сәйкес соттарда мемлекеттік бажды төлеуден азаматтардың келесі санаттары босатылады:

1. Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

2. Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

3. Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

4. КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар:  

- Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін;

- 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар;

5. Мүгедектігі бар адамдар;

6. Бала жасынан мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі

 

Азаматтардың осы санаттары соттарға берілетін құжаттар мен барлық істер бойынша мемлекеттік бажды төлеуден босатылады.

 

Білу маңызды:

Егер Сіз мемлекеттік бажды төлеген болсаңыз, бірақ босатылу құқығына ие болсаңыз, онда ол соманы қайтара аласыз.

Қайтару мерзімі - сомасы төленген күннен бастап 3 жыл (Салық кодексінің 108-бабының 6 –тармағы негізінде).