
Салық органы салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мүлiкке билік етуін шектеудi шешімнің негізінде:
1) салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама алынған күннен бастап он бес жұмыс күнi өткен соң салықтық берешек өтелмеген жағдайда;
2) мониторингке жататын ірі салық төлеушіні қоспағанда, салық төлеушi (салық агентi) есепке жазылған салықтар және бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұл сомасы туралы, сондай-ақ бюджеттен қайтарылған және қайтаруға расталмаған қосылған құн салығының асып кету сомасы туралы мәліметтер қамтылған тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға шағым жасаған жағдайда жүргiзедi.
Бұл ретте салық органы осы тармақшада көрсетілген жағдайда шектеуді салықтық берешекті өтеу туралы хабарламаны жiбермей:
Салық органы мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді салық төлеушіге (салық агентіне) табыс еткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мұндай шешімнің көшірмесін уәкілетті мемлекеттік органдарға оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікке не мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікке құқықтық ауыртпалықтарды тіркеу үшін жібереді.
Салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкіне билік етуді шектеу туралы шешім салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша мүлік тізімдемесінің актісін жасау арқылы салық төлеушінің (салық агентінің) қатысуымен билік ету шектелген мүлікке тізімдеме жүргізеді.
Салық төлеуші (салық агенті) билік ету шектелген мүлік тізімдемесінің актісін жасау кезінде салық органының лауазымды адамдарына танысу үшін мұндай мүлікке меншік және (немесе) оны шаруашылық жүргізу құқығын растайтын құжаттардың, баланстың түпнұсқаларын немесе нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынуға міндетті. Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелері билік ету шектелген мүлік тізімдеменің актісіне қоса беріледі.
Айта кету керек, салық төлеуші (салық агенті) билік ету шектелген мүліктің, табиғи тозу және (немесе) қалыпты жағдайларда сақтау кезінде табиғи кему салдарынан болған өзгерістерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шектеу алынғанға дейін өзгермеген қалпында сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) көрсетілген мүлікке қатысты заңсыз әрекеттері үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Салық органы мынадай:
1) салық төлеуші (салық агенті) салықтық берешек сомаларын өтеген жағдайда – осындай берешекті өтеген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) уәкілетті орган шешім шығарған немесе тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалатын бөлігінің күшін жоятын сот актісі заңды күшіне енген жағдайда – осындай шешім шығарылған немесе осындай сот актісі күшіне енген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей;
3) салық төлеуші (салық агенті) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға өз шағымын кері қайтарып алған жағдайда – осындай шағым кері қайтарып алынған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей мүлiкке билік етуді шектеу туралы шешiмнің және уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша осындай шешімнің негізінде жасалған мүлік тізімдемесі актісінің күшін жояды.
Кодекстің 124-бабының аталған салық төлеушінің банктік шоттарында және оның дебиторларының банктік шоттарында ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған не оның және (немесе) оның дебиторларының банктік шоттары болмаған жағдайларда, салық органы оның келісімінсіз салық төлеушінің билік ету шектелген мүлкіне өндіріп алуды қолдану туралы қаулы шығарады.
Салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін салықтық берешек шотына өткізуді уәкілетті заңды тұлға сауда-саттық өткізу арқылы жүзеге асырады.
Билік ету шектелген мүлкін өткізу есебінен өндіріп алуды уәкілетті заңды тұлға «Фонд проблемных кредитов» АҚ-мы анықталған, билік ету шектелген мүлкін өткізу өндіріп алуы www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналасқан интернет-ресурс компаниемен жузеге асырылады.