
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті (МКД) салықтық тексерулерді өткізу барысында бюджетке 13 млрд.теңгеден астам қосымша есептеді.
2024 жылдың басынан бастап Павлодар облысы бойынша МКД қызметкерлері 300-ге жуық салықтық тексеру жүргізді, оның ішінде 80-нен астамы салық төлеушілердің өтініштері бойынша бастамашылықпен жүргізілді, 195-ке жуық тексеру салық төлеуші мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселелері бойынша, сондай-ақ касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдерді орындау мәселелері бойынша жүргізілді.
Салықтық тексеру үшін тәуекелдерді басқару жүйесімен қалыптастырылатын автоматты тізімдер және реттеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы бекіткен бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) тізімдері негіз болып табылады. Тізімдерге сәйкес хабарламалар қалыптастырылады, олар тексеру басталғанға дейін күнтізбелік 30 күн бұрын жіберіледі.
Салықтық тексеруді жүргізудің басталуы нұсқама тапсырылған күн немесе оны алудан бас тарту туралы акт жасалған күн болып табылады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарының 2024 жылғы екінші жартыжылдыққа арналған тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімді салықтық тексерулер жүргізу кестесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген және Қаржы министрлігінің сайтында жарияланған https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/documents/details/665613?lang=ru.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы