Жарияланған күні: 29.11.2024 18:13
Өзгертілген күні: 29.11.2024 18:16

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің (МКД) қызметкерлері "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында салықтық және кедендік тексерулер актілеріне шағымдану мәселелері бойынша дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

Салықтық және кедендік дауларды қарау, тексерулерді тағайындау актілеріне шағымдану және олардың нәтижелері мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Әділет Бақтияровтың басшылығымен өткен дөңгелек үстел отырысында талқыланды.

МКД заң басқармасының басшысы Әсем Дүйсембекова дөңгелек үстелге қатысушыларды ӘРПК шеңберінде келіп түскен салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың шағымдарын қарау қорытындыларымен таныстырып, соттардың практикасы мемлекеттік кірістер органдарының алдында тұрған салықтардың уақтылы және толық түсуі жөніндегі негізгі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Іс-шараға Павлодар облыстық сотының, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьялары, бизнес өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел сындарлы диалог форматында өтті, жүйелік қателіктер мен салық және кеден заңнамасы саласындағы дауларды шешу жолдары талқыланды.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы