
Сұрақ: қандай жағдайларда БКМ чегін беруге болмайды?
Жауап: «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен қолма-қол ақшасыз төлемдер немесе ақша аударымдары банктік шоттарды пайдалана отырып, төлем құралдары негізінде, сондай-ақ оларды теңгемен және шетел валютасымен пайдаланбай жүзеге асырылады.
Төлем құралы – төлем құжаты немесе электрондық төлем құралы, оның негізінде немесе оның көмегімен төлем немесе ақша аударымы жүзеге асырылады.
Тиісінше, есеп айырысуды банктік шоттан банктік шотқа аудару арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырған жағдайда бақылау-касса машинасын (БКМ) қолдану бойынша міндеттеме туындамайды.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы