Жарияланған күні: 12.11.2024 12:40
Өзгертілген күні: 12.11.2024 12:41

ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу кезінде жеке тұлғалар үшін тауарларды тасымалдау нормалары қандай?

 

Жеке тұлғалар құны 10 000 еуродан аспайтын және салмағы 50 кг аспайтын жеке пайдалануға арналған тауарларды әуе көлігімен, құны 500 еуродан аспайтын және салмағы 25 кг аспайтын жеке пайдалануға арналған тауарларды басқа көлік түрлерімен және жаяу тәртіппен бажсыз әкеле алады.

 

 

Жеке тұлға тауарларды жөнелтілімдер арқылы  қандай сомаға бажсыз әкеле алады?

 

Халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін, сондай-ақ тасымалдаушы жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелудің нормалары бір жеке тұлғаның атына 200 еуроны және (немесе)                         31 килограмды құрайды.

Белгіленген нормалардан асқан жағдайда құндық және/немесе салмақ нормаларынан асқан бөлігінде құнынан 15 пайыздық,  салмақтың 1 килограмы үшін кемінде 2 еуро ставкасы бойынша кедендік төлемдерді төлеу керек.

 

 

Жеке тұлғалар ЕАЭО аумағына көлік құралдарын жеке пайдалануға уақытша әкеле алады ма?

 

Жеке тұлғалар алты айдан аспайтын мерзімге уақытша әкеле алады. Осындай көлік құралдарын уақытша әкелу кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес салықтардың, кедендік баждардың төленуі қамтамасыз етілген жағдайда жетімді болады.