
Сұрақ: Оңайлатылған декларация тәртібінен патентке көшуге бола ма?
Жауап:
Салық кодексінің 679-бабына сәйкес жаңадан құрылғанды қоспағанда, салық төлеуші қолдану шарттарына сәйкес келген кезде патент негізінде арнаулы салық режиміне тек жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен және шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимінен ғана ауысуға құқылы.
Осылайша, оңайлатылған декларациядан патентке ауысу кез-келген қызмет түрі бойынша мүмкін емес. Оңайлатылған декларациядан тек жалпыға бірдей белгіленген салық салу режиміне өтуге болады.