
Сұрақ: Жеке нотариустарға нотариаттық қызметтен түскен табыс бойынша 2024 жылға қандай салық есептілігін ұсыну қажет?
Жауап:
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап "Жеке табыс салығы бойынша декларация" 240.00 нысаны жойылды, оның орнына тұлғалар "Кірістер мен мүлік туралы декларация" 270.00 нысанын ұсынады.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 635-бабының 1-тармағына сәйкес Кірістер мен мүлік туралы декларация тұрғылықты (болу) жері бойынша есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей тапсырылады.
Салық кодексінің 641-бабына сәйкес жеке тұлғаның салық салынатын табысынан күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша есептелген жеке табыс салығын төлеуді салық төлеуші кірістер мен мүлік туралы декларацияны табыс ету үшін 635-бапта белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, яғни есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 25 қыркүйегінен кешіктірмей жүзеге асырады.
Осылайша, жеке практикамен айналысатын адам – жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор, 2024 жылғы кірістері бойынша 270.00 нысаны кірістер мен мүлік туралы декларацияны 2025 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей ұсынуға міндетті.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы