Жарияланған күні: 16.05.2025 18:27
Өзгертілген күні: 16.05.2025 18:29

Сұрақ: Мен сенімсіздер тізімінде екенімді білдім. Сенімсіздік қандай критерийлер бойынша танылады?

 

Жауап: Салық міндеттемелерін уақтылы және адал орындамайтын салық төлеушілер сенімсіздер тізімге енуі мүмкін:

- пайда болған күннен бастап төрт ай ішінде өтелмеген және ЖК үшін 10 АЕК-тен астам, ЗТ үшін 150 АЕК-тен астам берешегі бар;

- әрекетсіз деп танылған, яғни белгіленген мерзімнен кейін 1 жыл ішінде декларация (есептілік) ұсынбаған;

- жалған кәсіпорындар деп танылған;

- банкрот деп танылған;

- заңды мекен-жайы бойынша жоқ;

- тіркелуі жарамсыз деп танылған.

 

Егер ЖК мен ЖШС сенімсіз тізімге енген жағдайда, салық міндеттемелерін толық көлемде орындау қажет: есептілікті тапсыру, салықтарды төлеу және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодекстің  272-бабы бойынша хаттама жасау үшін орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына жүгіну.

 

Сенімсіз салық төлеушілердің тізімі ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитетінің https://kgd.gov.kz сайтында «Сенімсіз салық төлеушілерді іздеу» бөліміндегі «Электрондық қызметтер» мәзірінде жарияланған.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы