Жарияланған күні: 03.07.2025 16:36
Өзгертілген күні: 03.07.2025 16:39

Сұрақ: Мен көлік сатып алғым келеді. Мен көп балалы әке сияқты көлік салығы бойынша жеңілдікке ие боламын ба?

 

Жауап: "Батыр Ана" атағына ие болған немесе "Алтын алқа" не "Күміс алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналар көлік құралдарына салық төлеушілер болып табылмайды-салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша (Салық кодексінің 490 – бабы).

Алайда, бұл ереже салық кезеңі ішінде бір автокөлік құралынан (2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін уәкілетті мемлекеттік органда көлік құралының меншік иесінің ауысуына байланысты тіркеу іс-әрекеттері жүргізілген қозғалтқыш көлемі 4 000 текше сантиметрден асатын жеңіл автомобильден басқа) қолданылатынын ескеру қажет.

Жеңілдік тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде қолданылады.

Сонымен қатар, босату құқығы осындай құқық пайда болған айдың бірінші күнінен бастап қолданылады.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы