Жарияланған күні: 13.03.2025 15:29
Өзгертілген күні: 13.03.2025 15:31

Құрметті салық төлеушілер!

 

Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық әкімшілендірудің жаңа ақпараттық жүйесін (СӘИЖ), оның ішінде салық төлеушінің жаңа кабинетін (СӘИЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосуды жүргізілуде.

 

2025 жылғы 12 наурыздан бастап үш компонентті интеграцияланған жүйені тіркеу, өзгерту және есептен шығару туралы өтініш (ҮИЖ) СӘИЖ СТК-да қабылданатын болды.

 

Бұл ретте, ҮИЖ-ның бұрын берілген өтініштерін салық төлеушінің ескі кабинетінде де (https://cabinet.kgd.gov.kz) көруге қолжетімді болып қалды.

 

Сұрақтарыңыз болған жағдайда сіз Қолдау қызметіне хабарласа аласыз:

1. жаңа СТК-де тіркеу бойынша 8(7172)73 55 11 және +7(705) 956 53 71 телефондары арқылы;

2. СӘИЖ СТК-нің функционалымен жұмыс істеу бойынша СӘИЖ СТК-нің Қолдау – Кері байланыс бөліміндегі өтініш нысанын пайдалана отырып.