Жарияланған күні: 16.04.2025 17:35
Өзгертілген күні: 16.04.2025 17:41

Құрметті салық төлеушілер!

 

Естеріңізге сала кетейік, салық төлемдерін төлеу мерзімі келді. Салық міндеттемелерін уақтылы орындауды ұмытпаңыздар.

 

Төлемдер

 

21 сәуір

2025 жылдың наурызы үшін Еуразиялық экономикалық одақта ҚҚС;

 

2025 жылдың наурызы үшін Акциз, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша;

 

2025 жыл үшін Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы (2025 жылғы 21 наурызынан бастап 31 наурызына дейінгі кезеңде рұқсат құжатын алған жағдайда жиынтық жылдық көлемде 100 АЕК-ке дейінгі төлем көлемдерінде І және ІІ санаттағы объектілердің операторларымен нормативті сатып алу);

 

2025 жылдың 1 тоқсаны үшін ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы;

 

2025 жылдың 1 тоқсаны үшін өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы.