
"Яндекс. Таксиде" тіркелген және тек осындай қызметтен табыс табатын такси жүргізушілері арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін (АСР) қолдануға міндетті.
Егер интернет-платформада тіркелген такси жүргізушісі басқа кәсіпкерлік қызметпен қатар айналысатын болса, ол екі арнаулы салық режимін қолдануға құқылы, олардың біреуі міндетті түрде арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимі болуы тиіс.
Бұл жағдайда салық және әлеуметтік төлемдер сомасын ұстап қалу және аудару бойынша міндеттеме келесідей жүзеге асырылады:
- интернет-платформаны пайдалану қызметі бойынша – такси жүргізушісі үшін міндеттеме интернет-платформа операторына жүктеледі ("Яндекс.Такси);
- басқа қызмет бойынша міндеттеме дара кәсіпкердің өзіне жүктеледі.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы