Жарияланған күні: 15.06.2023 15:27
Өзгертілген күні: 15.06.2023 16:56

2023 жылдың 1 сәуірден бастап төменде көрсетілген тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) ресімдеу бойынша міндеттемелер енгізілді:

         - мұнай өнімдері, биоотын, этил спирті және алкоголь өнімдері, қадағалау механизмі туралы келісімге сәйкес қадағалауға жататын тауарлар бойынша;

         - "Виртуалды қойма"модулін қолданбай Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тауарлардың импорты/экспорты кезінде (барлық тауарлар бойынша).

         ТІЖ ресімдеуге жататын тауарлардың тізбесі және ТІЖ ресімдеу қағидалары ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығымен реттеледі.

         ТІЖ ресімдеу бөлігіндегі бұзушылықтар үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 283-1 бабында белгіленген әкімшілік жауапкершілік көзделген.

 

р/б

Бұзушылықтардың түрлері

айлық есептік көрсеткіштердегі бұзушылықтар үшін айыппұл мөлшері

Жеке тұлғалар

шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар

орта кәсіпкерлік субъектілері

ірі кәсіпкерлік субъектілері

1

ТІЖ ұсынбау не уақтылы ұсынбау

5 АЕК

10 АЕК

20 АЕК

30 АЕК

2

әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет

10 АЕК

20 АЕК

40 АЕК

60 АЕК

3

тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатта тауарлар атауының сәйкес келмеуі, олардың санын (көлемін) анық көрсетпеу, сол сияқты тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатта мұнай өнімдерінің, темекі бұйымдарының, этил спиртінің және алкоголь өнімінің, биоотынның дербес сәйкестендіру нөмір-кодын анық көрсетпеу

10 АЕК

20 АЕК

40 АЕК

50 АЕК

4

әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде                        3-тармақты бұзуға қайталап жасалған іс-әрекеттер

20 АЕК

40 АЕК

60 АЕК

100 АЕК

5

тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдемеу, сол сияқты тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарсыз мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің, темекі бұйымдарының, биоотынның айналымы, этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің айналымы және олардың орнын ауыстыру

20 АЕК *

50 АЕК *

100 АЕК *

200 АЕК *

6

әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде                        5-тармақты бұзуға қайталап жасалған іс-әрекеттер

40 АЕК *

100 АЕК *

200 АЕК *

400 АЕК *

* әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын этил спирті және (немесе) алкоголь өнімі, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері, темекі бұйымдары, биоотын және (немесе) әкімшілік құқық бұзушылық салдарынан алынған кірістер, ақшаны тәркiлей отырып.