
2026 жылғы 1 маусымнан бастап Ресей Федерациясында (РФ) Тауарларды күтуді растау жүйесі (ТКРЖ) енгізіледі.
Тауарларды автомобиль көлігімен әкелген кезде РФ-дағы алушы алдын ала алдағы жеткізілім туралы құжатты ресімдеп, QR-код генерациялауы тиіс. Аталған код бақылаушы органдардың талабы бойынша ұсыну үшін жүргізушіде болуы қажет.
Расталған QR-код болмаған жағдайда, көлік құралы Ресей Федерациясының аумағына жіберілмейді және кері қайтарылады. Шекарада кідіріс болмас үшін мыналарды қатаң ұсынамыз:
- ресейлік алушыдан ТКРЖ шеңберінде ресімделген QR-кодты алдын ала сұратып алуды;
- өткізу пунктіне жеткенге дейін QR-кодтың бар-жоғын тексеруді;
- QR-кодты қағазға басып шығарылған немесе оңай қолжетімді электронды түрде (смартфонда/планшетте) сақтауды;
- QR-кодтағы деректерді тауарға ілеспе құжаттармен (тауардың атауы мен саны, көлік құралы және алушы туралы мәліметтер) салыстыруды;
- құжаттар дұрыс ресімделмеген жағдайда шекарадан өту уақытының ұзаруы мүмкін екенін ескеруді.
Халықаралық бағыттарды жоспарлау кезінде аталған өзгерістерді ескерулеріңізді және ресейлік серіктестермен алдын ала байланыс орнатуларыңызды сұраймыз.
ТКРЖ жұмысы туралы толық ақпарат Ресей Федерациясы Қаржы министрлігінің ресми ресурсынан қолжетімді: (https://minfin.gov.ru/ru/press-center/?id_4=40307-prezident_rossii_podpisal_zakon_o_natsionalnoi_sisteme_podtverzhdeniya_ozhidaniya_postavki_tovarov_spot).
Павлодар облысы бойынша МКД
кедендік әкімшілендіру басқармасы




























