
Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасының басшысы Галина Бирюкова және Берешекпен жұмыс басқармасының басшысы Нұргүл Қазылова "Борышкерлермен күрес. Қарызды өндіріп алу" тақырыбы талқыланған "Ойlike" ток-шоуына қатысты.
Міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын, нотариат куәландырған (айғақтаған) шарт немесе өзге құжат болған кезде басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешегі) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегінің (кредиторлық берешегі) болуы туралы ақпаратты активтері мен міндеттемелері туралы (250.00-нысаны) декларацияда көрсету қажеттілігі туралы ақпаратты да айтты, нотариат куәландырған (айғақтаған) шарт немесе өзге құжат ағымдағы жылы декларация берілгенге дейін жасалу қажет.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы