Жарияланған күні: 17.06.2024 14:19
Өзгертілген күні: 17.06.2024 14:23

1. Менде қымбат гауһар алқа бар. Оны декларацияда көрсету керек пе?

Сіз 31.12.2023 жылғы жағдай бойынша  бағалау құны 3,4 млн. теңгеден (1000) АЕК) асатын кез келген қымбат мүлікті декларацияда көрсетуге құқығыңыз бар.

Бағалау декларацияны тапсырғанға жасалған болуы қажет (15 қыркүйекке дейін),  бұл ретте Сіз бағалауды кез-келген бағалау компаниясында жасай аласыз.

 

2. Маған Қазақстан Республикасында басқа қалада бар жылжымайтын мүлікті көрсету керек пе?

Қазақстанда тіркелген мүлік декларацияда көрсетілмейді, өйткені мемлекеттік органдарда бұл ақпарат бар.

Декларацияда жылжымайтын мүлік құрылысына төлем шотына енгізілген ақшалай қаражат үлестік құрылысы болуы, сондай-ақ аяқталмаған құрылыс болған жағдайда 31.12.2023 жылғы жағдай бойынша жүргізілген бағалаудан кейін құны 1000 АЕК-тен асатын өзге мүлік ретінде көрсетіледі.