
1. Жеке тұлға қандай жағдайда жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (250.00-нысанын) толтыру кезінде "кезекті" декларацияның түрін көрсетеді?
Салық кодексінің 630-бабы 3-тармағының 2-тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияның "кезекті" түрі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заңдарына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы бастапқы декларацияны ұсынғаннан кейін кезекті декларацияны ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғалармен көрсетіледі.
2. Жеке тұлға қандай жағдайда жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (250.00-нысанын) толтыру кезінде "қосымша" декларацияның түрін көрсетеді?
Салық кодексінің 630-бабы 3-тармағының 3-тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияның "қосымша" түрі активтері мен міндеттемелері туралы бұрын ұсынылған декларацияға жататын өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізген кезде жеке тұлғамен көрсетіледі.