
Жеке тұлғалардың кірісін жалпыға бірдей декларациялауды енгізу «100 нақты қадам – Ұлт жоспарының» 42 қадамы шеңберінде жүзеге асуда.
Жалпыға бірдей декларациялаудың мақсаты – жеке тұлғаладың кірістері мен мүлкін бақылаудың тиімді жүйесін құру, көлеңкелі экономикаға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру үшін енгізіледі. Жалпыға бірдей декларациялау жүйесін енгізу – салықсалуды әкімшілендіру бойынша едәуір көп бөлігін қамтып, салық төлеуді толық қамтамасыз ету.
Ол Салық кодексінің 71-тарауындағы 630-643 баптарымен белгіленген.
Декларациялау жүйесіне кірген кезде алғашқы жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларациясы (СЕН 250.00) тапсырылады. Онда жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банк шоттарында ақшасы бар жеке тұлғаларға дебиторлық-кредиттік (депозиттер мен кредиттер) қарызы есептік жылдың 31 желтоқсаны бойынша көрсетіледі. Қазақстан Республикасы аумағындағы мүлік мен банктегі есепшоттарды көрсету қажет емес, оларды мемлекеттік кіріс тер органдары қажет болған жағдайда, сұраудар арқылы алатын болады.
Кейіннен 250.00 СЕН ұсынылғаннан кейін жыл сайын 270.00 нысанындағы кірістер мен мүлік туралы декларация ұсынылатын болады.
Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы