Жарияланған күні: 10.06.2024 11:40
Өзгертілген күні: 10.06.2024 11:43

Сұрақ: салық төлеуші 10 000 АЕК туралы Салық кодексінің талаптарына сәйкес 250.00 нысанда көрсетілмеген ақша сомасын ірі сатып алуға табыс көздерін дәлелдеген кезде салық органдары есепке ала ма, жоқ па. Егер бұл ретте ақшалай қаражаттың барлығы заңды түрде алынған болса, көптеген жылдар бойы ЖК-дан түскен табыс немесе ЖШС-тен дивидендтер болған.

 

Жауап: салық салуға жататын жеке тұлғаның табысын айқындау мақсатында жекелеген жағдайларда, оның ішінде жанама әдіспен салық органдары уәкілетті органдардан, екінші деңгейдегі банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан, үшінші тұлғалардан, шет мемлекеттердің құзыретті органдарынан және басқа да ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді пайдаланады (Салық кодексінің    72-бабының 4-тармағы).

Осылайша, 10 000 АЕК-тен астам ақша қаражатының болуын екінші деңгейдегі банктер растайды.

 

Сұрақ: 270-нысандағы автокөлікті заңдастыруды қалай қарастыруға болады: егер автокөлік 2022 жылы сатып алынып, 2023 жылы заңдастырылған болса, шығындарды жабу көзін қалай көрсету керек?

 

Жауап: декларацияда есепті салық кезеңі ішінде мүлікті сатып алу туралы және мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтер көрсетіледі. Бұл жағдайда 2023 жылғы есепті салық кезеңі, онда авто заңдастыру жүргізілді, көрсетілген есепті кезеңде сатып алу фактісі жоқ және тиісінше шығыстарды жабу көздері көрсетілмейді.