Жарияланған күні: 11.09.2025 17:23
Өзгертілген күні: 11.09.2025 17:25

250 және 270 декларацияларын кім тапсыруы керек?

 

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ұсынады:

1) шетелде мүлікке иелік ететін ҚР азаматтары мен резиденттері, соның ішінде:

- жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, жер;

- шетелдік компаниялардағы қатысу үлесі;

- шетелдік банктердегі шоттардағы ақша, егер олардың сомасы жиынтығында 1000 АЕК-тен асса;

- инвестициялық алтын;

- тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі;

- эмитенттері шетелде тіркелген бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары;

- шетелдік брокерлік шоттардағы ақша;

- зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;

- басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы дебиторлық/кредиторлық берешегі және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (растайтын құжаттарды қоса бере отырып);

- (бағалау құны болған жағдайда) құны 1000 АЕК-тен асатын басқа мүлік (қалауы бойынша).

2) сайланбалы және мемлекеттік лауазымдарға кандидаттар, сондай-ақ олардың жұбайлары;

3) банктердің, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушы мәртебесіне үміткер тұлғалар, сондай-ақ олардың жұбайлары;

4) жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар);

5) цифрлық активтерге ие ҚР азаматтары мен резиденттері.

 

Кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) ұсынады:

1) мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары;

2) банктердің, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары, сондай-ақ олардың жұбайлары;

3) коммерциялық емес ұйымдардың құрылтайшыларын (қатысушыларын) қоспағанда, жарғылық капиталындағы үлестің (акционерлік қоғам акцияларының) 10 пайыздан астамын иеленетін заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың резидент ерлі-зайыптылары;

4) жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар);

5) кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістерді қоспағанда, есепті салықтық кезеңде жеке тұлғаның өз бетінше салық салуына жататын кірісті (мүлікті жалға беруден түсетін кірістер; шетелдік банк шоттары бойынша сыйақылар; цифрлық активтермен жасалатын операциялардан түсетін кірістер; төлем көзінен салық ұсталмаған өзге де кірістер) алған тұлғалар;

6) шетелдік банктердің банк шоттарында жиынтығында айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомада ақшасы бар тұлғалар;

7) шетелде активтері бар тұлғалар (жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, бағалы қағаздар, ТҚҚ, инвестициялық алтын, шетелдік компаниялардағы үлесі; тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі);

8) меншігінде цифрлық активтері бар тұлғалар;

9) есепті салық кезеңі ішінде жиынтық құны 20 000 еселенген АЕК мөлшерінен асатын, оның ішінде ҚР шегінен тыс жерде мүлікті сатып алған тұлғалар.

 

 

250 және 270 декларацияларын кімге тапсырудың қажеті жоқ?

 

Декларация 250.00:

шетелдік активтері жоқ жеке тұлғаларға;

төменде көрсетілгендер болып табылмайтын жеке тұлғаларға:

- сайланбалы және мемлекеттік лауазымдарға кандидаттар, сондай-ақ олардың жұбайларына;

- банктердің, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары, сондай-ақ олардың жұбайлары;

- жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар);

- цифрлық активтерге иелік ететін ҚР азаматтары мен резиденттері.

 

Декларация 270.00:

Салық кодексінің 633-бабында көрсетілген тұлғалардың мынадай санаттарына жатпайтын жеке тұлғаларға:

1) мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары;

2) банктердің, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары, сондай-ақ олардың жұбайлары;

3) коммерциялық емес ұйымдардың құрылтайшыларын (қатысушыларын) қоспағанда, жарғылық капиталындағы үлестің (акционерлік қоғам акцияларының) 10 пайыздан астамын иеленетін заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың резидент ерлі-зайыптылары;

4) жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар);

5) кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістерді қоспағанда, есепті салықтық кезеңде жеке тұлғаның өз бетінше салық салуына жататын кірісті (мүлікті жалға беруден түсетін кірістер; шетелдік банк шоттары бойынша сыйақылар; цифрлық активтермен жасалатын операциялардан түсетін кірістер; төлем көзінен салық ұсталмаған өзге де кірістер) алған тұлғалар;

6) шетелдік банктердің банк шоттарында жиынтығында айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомада ақшасы бар тұлғалар;

7) шетелде активтері бар тұлғалар (жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, бағалы қағаздар, ТҚҚ, инвестициялық алтын, шетелдік компаниялардағы үлесі; тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі);

8) меншігінде цифрлық активтері бар тұлғалар;

9) есепті салық кезеңі ішінде жиынтық құны 20 000 еселенген АЕК мөлшерінен асатын, оның ішінде ҚР шегінен тыс мүлікті сатып алған тұлғалар.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы