Жарияланған күні: 22.07.2024 18:16
Өзгертілген күні: 22.07.2024 18:21

2024 жылы Павлодар облысында кірістер туралы декларацияны 180 мыңнан астам жеке тұлға беруге міндетті. Қазіргі уақытта кірістер туралы декларацияны 120 мыңнан астам облыс тұрғындары ұсынды.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары үшін жалпыға бірдей декларациялаудың 3-ші кезеңі басталды, олар осы жылдың 15 қыркүйегіне дейін активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны – 250.00 нысанын ұсынуы тиіс. Декларация табыс етілген жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдайы бойынша Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде активтер мен міндеттемелердің болуы туралы ақпаратты көрсетуге арналған. Бұл ретте бейрезиденттер, коммерциялық емес ұйымдардың құрылтайшылары (қатысушылары) және акционерлер декларацияны ұсынудан босатылды.

Алғашқы екі кезеңнің қатысушылары: мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар, мемлекеттік кәсіпорындар мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері, сондай – ақ олардың жұбайлары кірістері мен мүлкі туралы декларацияны -270.00 нысанын ұсынады.

Декларацияны "Салық төлеушінің кабинеті" (cabinet.kgd.gov.kz), "Электрондық үкімет" порталы (egov.kz), сондай-ақ "e-Salyq Azamat", "eGov mobile", «Halyk Bank», «Kaspi Bank» мобильді қосымшалары арқылы ұсынуға болады.

Бірінші рет декларацияны ұсынбау немесе ақпаратты анық емес көрсету ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілікке әкеледі. Бір жыл ішінде бұзушылықтар қайталанған жағдайда, яғни мерзімінде тапсырмағаны үшін –15 АЕК, ақпаратты анық емес көрсеткені үшін – 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті павлодарлықтарға декларацияны тапсыруды кейінге қалдырмауға кеңес береді!

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы және байланыс-орталығы басқармасы