Жарияланған күні: 21.10.2024 12:41
Өзгертілген күні: 21.10.2024 16:30

2024 жылғы 16 қыркүйекте активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) және кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) тапсыру мерзімі аяқталды.

2024 жылы Павлодар облысында кірістер туралы декларацияны 180 мыңнан астам жеке тұлғалар – мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері, заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсыруға міндетті болды. Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегіне кірістер туралы декларацияны 3 кезеңнің 11 мыңнан астам қатысушысы және алғашқы екі кезеңнің 14 мыңнан астам декларанты ұсынбаған.

Декларацияны белгіленген мерзімде ұсынбаған алғашқы үш кезеңнің қатысушыларына салық кодексінің 114-бабына сәйкес 30 жұмыс күні ішінде орындалуы тиіс хабарламалар қойылды.

Белгіленген мерзімде салық міндеттемесі орындалмаған жағдайда банк шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатыла тұрады.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдан бастап барлық кәмелетке толған павлодарлықтар табыс туралы декларацияны тапсыратын болады.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

 түсіндіру жұмысы және байланыс-орталығы басқармасы