
Мемлекеттік қызмет азаматтарға декларациялауға жататын жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелуі немесе әкетуі кезінде ұсынылады.
Жолаушылардың кедендік декларациясын (ЖКД) қалай береді:
Қызметті көрсету және нәтижелерін алу екі тәсілмен мүмкін:
1. Қағаз жеткізгіште. Жолаушы толтырылған декларацияны кедендік операцияларды өткізуге уәкілетті лауазымды тұлғаға тапсырады;
2. Электрондық түрде – www.egov.kz «Электрондық үкімет» порталы және «e-Salyq Azamat» қосымшасы арқылы
Қызметті көрсетуге негізгі талаптар (процесс, нысан, мазмұны, нәтиже және т.б.) Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығына 30-қосымшада анықталған (мемлекеттік қызмет стандарты).
Мемлекеттік қызмет "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Кодексінің 176-бабына сәйкес көрсетіледі.




























