Мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына өндіріп алу шаралары, әкімшілік жауапкершілігінің шаралары.
Мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңымен және әлеуметтiк аударымдар «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңымен есептеуі,ұстап қалуы және аударуы бекітілген.
Мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары әлеуметтiк аударымдар толық немесе уақтылы аударылмаған жағдайда, мемлекеттік кіріс органдары жиналып қалған берешек шегіндегі ақшаны төлеушiнiң банктік шоттарынан өндiрiп алуға құқылы.
Мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектi өндiрiп алу мемлекеттік кіріс органының инкассолық өкімі негiзiнде жүргiзiледi.
Мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектi өндiрiп алу төлеушіге жiберiлетiн хабарлама негiзiнде жүргiзiледi.
Егер мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгiленген бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi сомадан аспаған жағдайда, мұндай хабарлама жiберiлмейдi.
Ағымдағы жылда айлық есептiк көрсеткiш 2269 теңге құрастырады.
Төлеуші хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салымшыларының тізімдерін ұсынуға міндетті.
Мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша:
салымшыларының тізімдерін ұсынбаған және берешек болған, хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жүргізіледі
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайда хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні өткен соң банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жүргізіледі.
он бес жұмыс күні өткен соң мемлекеттік кіріс органы касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
Әлеуметтiк аударымдар бойынша:
Хабарламаны берген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсынбаған жағдайда, мемлекеттік кіріс органы төлеушінің банктік шоттар және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
Мемлекеттік кіріс органының банктік шоттар және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмiнің күшін осындай өкiмдерді шығарған мемлекеттік кіріс органы банктік шоттар және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептерi жойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей жояды.
Мемлекеттік кіріс органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамаған жағдайда әкімшілік өндіріп алу шаралары «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексі бойынша қолданылады.
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында және Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы ескерту жасауға әкеп соғады.
Мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет – жеке тұлғаларға – мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының аударылмаған, уақтылы және (немесе) толық есептелмеген, ұсталып қалмаған (есепке жазылмаған) және (немесе) төленбеген (аударылмаған) сомасының он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Әлеуметтiк аударымдар бойынша әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер – жекеше нотариустарға, жекеше сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) әлеуметтiк аударымдар сомасының жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.