Жарияланған күні: 25.08.2017 09:30
Өзгертілген күні: 25.08.2017 09:30

Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік көрсетілетін

қызметтердің мәселері жөнінде

Мемлекеттік кірістер органдарының негізгі құзыреті болып салық түсімдерінің, кеден және басқа да міндетті түсімдерінің бюджетке толық түсуін қамтамасыз ету табылады және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетеді

 Мемлекеттік кірістер органдары 50 түрлі мемлекеттік көрсетілетін қызметті тікелей көрсетедіі, 26 қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы  арқылы баламалы түрде көрсетіледі.

Мемлекеттік кірістер органдары көрсететін 50 мемлекеттік қызметтің 40 тегін түрде және 10 ақылы түрде көрсетіледі.

Толық  электрондық нысанда 1 қызмет көрсетіледі, 32 қағаз және электрондық нысанда, 17 тек қағаз нысанда көрсетіледі.

50 мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің стандарттары және регламенттері бекітілген («Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі                       № 284 бұйрығы, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қаржы министрінің 2015 жылғы                                 4 маусымдағы № 348 бұйрығы).

Статистикалық есепке сүйене отырып Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдарымен 2017 жылы 6 айында  301855 мемлекеттік қызметтер көрсетілген, олардың ішінде барынша талап етілетін:

«Салық есептілігін қабылдау» - 191374 қызмет немесе жалпы  көрсетілген қызметтердің 63,4%;

«Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер, салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан үзінді көшірмелер беру» - 35758 қызмет немесе жалпы көрсетілген қызметтердің 11,8%;

 «Тауарларды кедендік тазарту» - 3282 қызмет немесе жалпы  көрсетілген қызметтердің 1,1%;

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдары қызмет алушылардың ақпараттығын жоғарлатуын тұрғылықты, толық және анық ақпарат алу үшін семинарлар, салық және кедендік заңнамалары туралы түсіндіру жұмыстарын бұқаралық ақпарат құралдарында шығарды. Салық және кедендік заңнамаларының өзгертулері Комитеттің сайтында жаңарлатылып тұрады.    

2017 жылы 6 айында Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдарымен мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы көрсетілетін қызметті алушылардың ақпараттандырылу сапасы бойынша 37 семинар-кеңестер, «дөңгелек үстелдер», брифингтер, конференциялар өткізілді.