Жарияланған күні: 07.03.2024 15:41
Өзгертілген күні: 07.03.2024 15:46

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті 2023 жыл үшін көлік құралдарына салықты 2024 жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей төлеу қажеттілігін еске салады.

Көлік құралдарына салынатын салық Салық кодексінің 493-бабына сәйкес дербес есептеледі. Мұны ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz порталында орналастырылған "Көлік салығын есептеу" электрондық сервисін пайдалану арқылы немесе "E-Salyq Azamat" мобильді қосымшасының (AppStore және PlayMarket-тен жүктеу) "Калькуляторлар" сервисінде  жасауға болады.

Салық мөлшерлемесі АЕК мөлшеріне және көлік қозғалтқышының көлеміне байланысты, сәйкесінше, жыл сайын салық сомасы АЕК мөлшерінің ұлғаюымен бірге артады. Салықты есептеу үшін тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын АЕК, яғни 2023 жылы 3450 теңге қолданылады.

Көлік салығын төлеу жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі. Егер салық банктер немесе банкоматтар арқылы төленсе, Сіз келесіні білуіңіз керек:

- бюджеттік сыныптама коды (БСК) - 104402

- төлем мақсатының коды (ТМК) – 911, егер өсімпұл есептелген болса, онда ТМК – 912 пайдаланылады.

Салықты төлеу үшін иелеріне көліктерінің бірегей нөмірін  17 таңбадан тұратын VIN кодын білуі керек. Жеңіл автомобильдер үшін VIN коды-шанақ нөмірі, ал жүк көліктері үшін – шасси нөмірі. Деректер техникалық паспортта көрсетілген.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы