Жарияланған күні: 01.12.2023 15:02
Өзгертілген күні: 01.12.2023 15:03

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің қызметкерлері әдейі банкроттық фактілерін анықтады, қазіргі уақытта 4 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оларға 4 млн. теңгеден астам айыппұл салынды.

Қазақстан Республикасының заңнамасында әдейі банкроттық үшін құрылтайшының (қатысушы) не (немесе) лауазымды тұлғаның жауаптылығы қарастырылған.

Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңның 2-бабының 1-тармағына сәйкес, әдейі банкроттық – құрылтайшының (қатысушының), лауазымды адамның, сол сияқты дара кәсіпкердің заңды тұлға немесе дара кәсіпкер банкрот деп танылғанға дейінгі үш жыл ішінде кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару мақсатында мүлікті иеліктен шығару немесе жасыру арқылы жеке мүддесі немесе өзге тұлғалардың мүдделері үшін жасалған әрекеттері. Осыған ҚР Қылмыс кодексінің 237, 238 баптарымен қылмыстық жауаптылық, сондай-ақ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»  Кодекстің 182-б. аясында әкімшілік жауаптылық қарастырылған.

Әдейі банкроттық борышкер-банкрот ісін басқаруға тура қатысы бар тұлғалардың төлем қабілетсіздігін одан әрі өсіруге бағытталған белгілі бір әрекетті (әрекетсіздікті) жасаудан көрінеді.

Мұнда, Заңның 6-б. 1-т. сәйкес, әкімшілік немесе қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібімен әдейі банкроттыққа кінәлі деп танылған құрылтайшы (қатысушы) және (немесе) лауазымды адам кредиторлар алдында Заңның 96-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалатын мөлшерде өздеріне тиесілі мүлікпен субсидиарлық жауаптылықта болады (тұлғаны субсидиарлық жауаптылыққа тарту кезінде мәлімделетін талаптардың мөлшері мұндай тұлғаны әкімшілік немесе қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібімен әдейі банкроттыққа кінәлі деп тануға негіз болған сот актісінде белгіленген залалдың мөлшеріне тең болады.).

Әкімшілік немесе қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібімен әдейі банкроттыққа кінәлі деп екі және одан көп адам танылған жағдайда, мұндай адамдар ортақ жауаптылықта болады.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасы