Жарияланған күні: 27.11.2019 00:06
Өзгертілген күні: 27.11.2019 00:10

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде (бұдан әрі - Департамент) «Open Space» форматына көшу бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Ол сіздің мәселелеріңізді шешу бойынша жедел әрі жылдам шешім қабылдауға бағытталған одан әрі сапалықызмет көрсетуді ұсынудақолжетімділікті, ашық қызмет етуді көздейді.

Осы тұста Департаменттің бірінші басшыларымен жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесібекітілген; 1 қабатта аудио және бейне жазбамен қамтамасыз етілген азаматтарды қабылдау кабинеті қызмет етеді, сонымен қатар өзіңіздің өтінішіңізді, шағымыңызды немесе пікіріңізді қалдыра алатын кеңсе де орналасқан.

Азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін, барлық аумақтық МКБ қызмет көрсету орталықтарында, азаматтарды қабылдау «кедергісіз принцип» негізінде жүзеге асады.

Департаментте8 (7182) 32-08-60сенім телефоны қызмет етеді, онда сіздер Әдеп кодексін бұзу фактілері мен мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің тарапынан жол берілген жемқорлық көріністерінің фактілері жайында хабардар етуге болады. 

Сонымен қатар, Департаменттің 8 (7182) 32-39-48, 53-56-44 байланыс-орталығына жүгіну жәнеөз сұрақтарыңызды 8-707-612-97-76 WhatsApp мессенджеріне жіберу арқылы, салықтық және кедендік әкімшілендіру сұрақтары шеңберінде өзіңізге маңызды және көкейкесті сұрақтарға жауап әрі кеңес ала аласыз.

Салықтық және кедендік әкімшілендіру шеңберіндегі өзекті ақпарат Департаменттің ресми сайты мен Facebook, Twitter, Instagram әлеуметтік желілерінде орналасқан.

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы