Жарияланған күні: 13.02.2018 18:10
Өзгертілген күні: 13.02.2018 18:11

Мемлекеттiк лауазымдағы адамдармен және мемлекеттiк қызметтен терiс себептер бойынша шығарылған адамдармен 2017 жыл үшін жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларация (230-нысан) табыс ету туралы.

 

 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабына сәйкес мемлекеттiк лауазымдағы адамдарға өз өкiлеттiктерiн орындау кезеңiнде жыл сайын  және сол адамның жұбайына (зайыбына), және мемлекеттiк қызметтен терiс себептер бойынша шығарылған адамдарға, шығарылғаннан кейiнгi үш жыл бойы және сол адамның жұбайына (зайыбына) қаржылық бақылау шаралары қарастырылған.

Мемлекеттiк лауазымдағы адамдар өз өкiлеттiктерiн орындау кезеңiнде жыл сайын  және сол адамның жұбайы (зайыбы), және мемлекеттiк қызметтен терiс себептер бойынша шығарылған адамдар, шығарылғаннан кейiнгi үш жыл бойы және сол адамның жұбайы (зайыбы) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органына салық салу объектiсi болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегi де кірістері мен мүлкi туралы декларацияны ұсынады

Салық кодексіне сәйкес жоғарыда аталған тұғаларғалар салық салу объектiсi болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегi де кірістері мен мүлкi туралы 2017 жыл үшін декларацияны 2018 жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей тұрғылықты жерлеріндегі мемлекеттік кірістер органдарына тапсыруға тиісті.

Мемлекеттік қызметшілердің және олардың жұбайы (зайыбы) уақытында декларацияны тапсырмауы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.