Жарияланған күні: 12.11.2018 16:17
Өзгертілген күні: 12.11.2018 16:18

Өткен апта Қашыр, Успен мен Щарбақты аудандары үшін пайдалы әрі танымды болды.  Аудандарды жұмыс сапарымен «Нұр Отан» ПОФ өкілдері мен  еңбек басқармасы, ауылшаруашылық басқармасы, сонымен қатар мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері аралаған болатын.

Аталмыш жұмыс тобы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5-қазандағы « Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халқына жолдауы бойынша түсініктеме берді.

         Түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Галина Бирюкова өз сөзінде «Елбасы Жолдауының ең басты тапсырмасы болып, қазақстандықтардың ең төмеңгі жалақысын 28 284 ден 42 426 мың теңгеге 1,5 есе көбейту екендігін айтты. Сонымен қатар, ол 1,3 млн. адамдарға жалақысын көбейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Қазіргі таңда ең төменгі жалақының жаңа өлшемі – еңбек төлемі өсуі мен жалпы толық экономикамыз үшін - катализатор болмақ» деді ол өз сөзінде. Сонымен қатар, ол келесі сұрақтар бойына түсініктемелер берді:

  • ЖТС санау,
  • 5 әлеуметтік бастама,
  • Бірыңғай әлеуметтік жиынтық,
  • Жалпы халықтық декларациялау,
  • Тауарларды электронды түрде сату,
  • МКД қызмет қорытындылары,
  • МӘМС,

Жергілікті салықтар мен тағы басқа салықтық және кедендік әкімшілендірудегі жаңашылдықтар төңірегіндегі сұрақтарға жауап берді. Аталмыш семинарларда жергілікті орындау басшылары мен жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалықтары  басшылары белсеңді қатысып, өзекті сұрақтарға жауап алды.