Жарияланған күні: 21.02.2019 15:55
Өзгертілген күні: 21.02.2019 16:48

Салық түсімдерін ұлғайту резервтерінің бірі уақытылы салықтық әкімшілендіру жұмыстарын жүргізу болып табылады, салықтық әкімшілендірудің бір саласы – салықтық тексеру жүргізу.

Мемлекеттік кірістер органдарының негізгі міндеті болып – салықтық төлемдердің түсуін толықтай қамтамасыз ету мен көбейту. Салықтық бақылаудың бірден-бір құралы болып – салықтық тексерістер болып табылады.

Ақсу қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен (бұдан әрі – МКБ) 2018 жылда аймақтық мемлекеттік кірістер басқармасымен тіркеу есебінде қою, алкоголь өнімің  сатуға лицензияның болуы, бақылау –кассалық  машиналардың және төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың ( құрылғының) болуы, бақылау – кассалық машиналарың пайдалану туралы сұрақтар бойынша жеке қәсіпкерлер, заңды және жеке тұлғаларға қатысты 120-дан астам тақырыптық тексерістер өткізілді.

Тексерістер нәтижесінде салықтық заңңаманың бұзу 125 фактісі анықталды, әкімшілік айыппұл құны 1004,1 мың тенге.

Ауылдық аймақтарда жекелеген сұрақтар бойынша тақырыптық тексерістер өткізу кезінде алкоголь өнімің лицензиясыз сату факт анықталды, әкімшілік материалдар Ақсу қаласының сотына жолданып, сот Қаулысымен айыппұл салынды және алкоголь өнімдері тәркіленді.

Тексеріс кезінде, алкоголь өнімі айналымы бойынша алкоголь өніміне ілеспе құжаттарысыз алкоголь өнімін сату, бұл бұзушылықтар үшін сотпен            (25 тен 150 АЕК) шамасында сотпен 1004,1 мын.тенгеге айыппұл.

Ақсу қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 2018 жылдың басынан бастап 100-ге жуық салықтық тақырыптық тексерулер өткізді, барлық жағдайда, ҚР «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңы бұзылып, POS-терминалдың жоқтығы анықталды. Салық төлеушілер ҚР ӘБтК 195 бабыңа сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

                      Ақсу қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы