Жарияланған күні: 14.05.2020 02:15
Өзгертілген күні: 14.05.2020 02:18

Сүлейменов Әлібай Нұрахметұлы (15.08.1925 ж. – 21.07.2008 ж), Омбы облысы, Большереченск ауданы, Аюпов ауылының тумасы. Оның әкесі, Каркинбаев Нұрахмет Сүлейменұлыауыл төрағасы қызметін атқарды, ол да Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1941 жылдың жазында Нұрахмет Сүлейменұлы әскер қатарына қосылды. 1942 жылдың 24-маусымында Волхов майданында шайқаста қаза тапты. Новгород облысы Чудовск ауданы Любино Поле ауылының маңындағы жаппай туысқандар қабірінде жерленген.

Әлібай Нұрахметұлы Сүлейменов Красноярск өлкесі Канск қаласындағы Сібір әскери округінің 17-ші қосалқы мылтық оқу  полкін аяқтаған соң, 1943 жылдан бастап Калининскиде әскер қатарында, кейін 3-ші Беларусь майданында болды. Ол өзінің әскери және азаматтық борышын, генерал-лейтенант Галицкий Кузьма Никитаұлы басқарған,11-Гвардия әскеріндегі 245-мылтық полкінің 84-ші Карачевск дивизиясы мен 1-ші Мәскеу дивизиясының 171 – мылтық полкінде атқарды. Әр түрлі бөлім шайқастарына қатысуы, жарақат алуларымен байланысты еді, екі рет жарақаттанды.

Әлібай Нұрахметұлы «Қызыл жұлдыз» орденімен, «Батылдық үшін», «Кенинсбергті алу үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдерімен және Жоғарғы қолбасшының алғыс хаттарымен марапатталған.

Әлібай Нұрахметұлы 1945 жылы әскерден келген.

Өзінің кіші отаны, Омбы облысында ұстаздық және партиялық қызмет атқарған. 1952 жылдан бастап зейнеткерлікке дейін мемлекеттік қауіпсіздік органдарында қызмет етті.

Дария Сулейменова: барлығы салыстырғанда ғана айқындалатыны туралы ойға мен де бөлісемін. Менің атам, және оның буыны сұрапыл қасіреттен өткен. Әрине, бұл объективті жағы, ол,олардың тағдырына түскен тарихижағдайлар еді. Сонымен қатар, осы іспеттес «шыңдауларды» тек мінез-құлқының жеке қасиеттеріне тән адамдар ғана шыдай алады. Менің атама бойындағы тәртіп, ұйымшылдық, белсеңділік, бастамашыл, адалдық және  жеке басының емес, ұйымның қажеттілігін алға қойғандығы мен үлкен еңбекқорлық қасиеттері көмек етті.