Жарияланған күні: 12.11.2018 16:28
Өзгертілген күні: 12.11.2018 16:29

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Түбіртек талап ет – жүлде ұтып ал» республикалық науқанының 1 деңгейінің кезекті жеңімпаздарын анықтады.

 «WIPON» талдау орталығы 2018 жылғы қазан айында ұтыстың жеңімпаздарын кездейсоқ түбіртек таңдау арқылы анықтады:

  • Садвакасова Анар Теміртайқызы (№ 7516941 ID түбіртегі), ұтыс –  «Scarlett» үтігі.
  • Рахимова Әсемгүль Жиреншіқызы (№7716188 ID түбіртегі), ұтыс  – «Redmond» электр шәйнегі;
  •  Агжанов Бахтияр Балтабайұлы (№ 7566147 ID түбіртегі), ұтыс – шаш кептіретін құрал.

Анықтама үшін: 2018 жылдың 21-мамырынан 30-қарашасына дейін жалпыреспубликалық «Түбіртек талап ет - жүлде ұтып ал» акциясы басталды.

Акцияның негізгі мақсаты: халықтың салықтық сауаттылығын дамыту, тауарлардың, жұмыстардың, қызметтің тұтынушылары ретінде  өз мүддесін қорғау мәселелері бойынша азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру, көлеңкелі экономика көлемін азайту.

Акция екі кезеңнен тұрады – облыстық және республикалық деңгейде. Ұтыс ойынындағы жеңімпаздар чектерді кездейсоқ таңдау арқылы ай сайын анықталады. Гранд финал жылдың соңында Мемлекеттік кірістер комитетінде өткізіледі және онда әртүрлі бағалы сыйлықтар ойнатылады, соның ішінде басты сыйлық (ұтыс) – автокөлік.

Неғұрлым көп түбіртек жіберілсе, соғұрлым қатысушының ұтысқа ие болуға мүмкіндігі көп болады. Науқан басталысымен қатысушылар саны – 1859 құрап, 121 664  түбіртек жіберілді. Қазан  айында науқанға 490 кісі қатысып, олар жалпы көлемде 22 150 түбіртек жолдаған.

         Акцияны өткізу кезеңінде қатысушыларға Apple App Store және Google Play Market көшіріп алу үшін тегін Wipon iOS үшін (iPhone) және Android мобильдік қосымшасы ұсынылады. Егер де Wipon қосымшасын өшіріп тастасаңыз, алдында жіберілген түбіртектердің өшіруіне әкеп соқтырады. Түбіртекті қайта жіберсаңіз саналмайды.

Ай сайынғы облыстық деңгейдегі ұтыста, ережеге сай келетін түбіртектер, ағымдағы айда жіберілгендер (өткен айдың түбіртктері ойнатылмайды) ойнатылады.

Павлодар облысы тұрғындарын акцияға қатысып сыйлыққа ие болуға шақырамыз!