Дата публикации: 15.04.2015 17:30
Дата изменения: 15.04.2015 17:30

Мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету басым міндеттерінің бірі болып табылады, себебі сыбайлас жемқорлық мемлекеттік кірістер органдарының беделіне жағымсыз ықпал етеді, салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың сенімін үзеді, мемлекеттің нарықтық экономикасының дамуына қауіп төндіреді, экономикалық және ұлттық қауіпсіздікке зиян келтіреді.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін Республикада заңнамалық база қалыптастырылған, атап айтқанда :  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың қызметінде тәртіпті нығайту бойынша шаралар туралы» Президенттің Жарлығы, сондай-ақ көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқартуға, экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күреске бағытталған бірнеше бағдарламалар және т.с.с.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi.
Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша салалық бағдарламасының 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру үшін Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  басқармалары 2014 жылы салық қарым-қатынастарындағы сыбайлас жемқорлық салалары бойынша 157 тексеру жүргізді.  Облыс бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы әрекет ету бойынша 200 мақала жарияланып,  155  радиоролик орналастырылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және қызметтік этиканы сақтау жөніндегі комиссия құрылып жұмыс істейді.Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің арасында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресзаңнаманы зерделеу бойынша сабақтар тұрақты негізде өткізіледі.

         «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабында көзделген талаптардың орындалауын қамтамасыз ету мақсатында,  мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік лауазым атқаратын тұлғалардың, жағымсыз себептер бойынша мемлекеттік қызметтен босатылған тұлғалардың, сол сияқты аталған тұлғалардың жұбайының (зайыбының)  салық салу объектісі болып табылатын табыстары мен мүлкі туралы декларацияларды уақтылы тапсыруы, олардағы  мәліметтердің толықтығы және дұрыстығы бойынша тексеру жүргізеді.

          2014 жылы  «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы»Қазақстан Республикасы Кодексінің (ескі редакцияда) 206-2-бабының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 40 лауазымды тұлға тартылды.

         Салық және өзге де заңнаманы орындау кезінде жұртшылықтың сенімін күшейту, азаматтардың, ұйымдардың және мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту үшін Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде  тәулік бойы «сенім телефоны» 53-55-71 жұмыс істейді, «шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік» орнатылған, оларға лауазымды тұлғалардың кез келген заңсыз әрекеттері бойынша хабарламаларды қалдыруға болады. «Сенім телефоны» және «шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік» бойынша алынған хабарламалар арнайы журналда тіркеледі, бақылауға алынады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімдерде қаралады.