Дата публикации: 21.04.2015 09:39
Дата изменения: 21.04.2015 09:39

 

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қарағанды облысының елді мекендерінің көктемгі қар суының ағынынан зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсетті.

Осы бір адамдар тағдырына қатысы бар іс шараларға облыстың мемлекеттік кірістер органдарының әр қызметкері өз жүрегінің қалауымен көмек көрсетуді азаматтық парызым деп білді. Жарты күннің ішінде киімдер, төсек орындар, мүмкіндігінше азық-түліктер және басқа да ең қажетті деген дүниелерді жинап, Газель автомашинасы зардап шеккендерге жол тартты.

Қызыл крестің бөлгеніне сәйкес, біздің көмек 18 сәуір күні, Токаревка елді мекенінің тұрғындарына жеткізілді. Бұл акция бойынша жұмыс қызметкерлер арасында қазіргі уақытта да жалғасын табуда.

Қарағандылықтарға жалпы Республика бойынша көмек көрсетілуде, әрине бұндай игі істен мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері де тыс қала алмады. Ұйымшылдық бар жерде жеңбейтін қиындық жоқ,  «жұмыла көтерген жүк жеңіл» болатыны баршамызға белгілі.