Дата публикации: 21.04.2015 12:06
Дата изменения: 21.04.2015 12:06

Павлодар облысының аумағында 2015 жылғы 01 сәуір мен 30 қараша аралығында «Чек талап ет – жүлде ұтып ал!» акциясы өткізіледі. Бұл акция Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ұйымдастыруымен өткілізіп жатқан жалпыреспубликалық іс шаралар болып табылады.

Акцияның негізгі мақсаттары: тұрғындардың азаматтық белсенділігін және салық сауаттылығын арттыру, сауда - саттық жасағанда бақылау-кассалық машинаны қолданудың әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін тигізетіндігі жөнінде қоғамның пікірін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының бақылау-касалық машиналарды міндетті түрде қолдану туралы заңнамаларына сәйкес тауарлар сатып алатын, ақылы қызметтерді пайдаланатын тұтынушылардың өз құқығын қорғаудағы құқықтық сауаттылығын арттыру, салық төлеушілердің бақылау-кассалық машиналарды қолдануда салық тәртіптілігін арттыру арқылы бюджетке түсетін салықтар және басқа төлемдердің көлемін арттыру, көлеңкелі экономиканың көлемін төмендету, кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікке ынталандыру.

Акцияға тауар, (жұмыс, қызмет) сатып алғанын дәлелдейтін чектерді акция ұйымдастырушыға акция өтіп жатқан кезеңде тапсырған Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.

Бақылау-кассалық машинаның чектерін ұтыс купондарына айырбастау пункттері қалалар мен аудандар бойынша мемлекеттік кірістер басқамалары ғимараттарының 1-ші қабаттарында орналасқан. Бір ұтыс купоны бақылау-кассалық машинаның 10 чегіне айырбасталады.

Акция үш этаппен өткізіледі:

- бірінші этап қалалар мен аудандар деңгейінде – ұтыс купондары жиналған айдан кейінгі айдың 1 мен 5 күндері аралығында;

- екінші этап облыс деңгейінде - ұтыс купондары жиналған айдан кейінгі айдың 9 мен 15 күндері аралығында;

 - үшінші этап республика деңгейінде – 2015 жылғы желтоқсан айының 9 мен 15 күндері аралығында өтеді.

Акцияның бірінші және екінші этаптарының жеңімпаздары ұтыс купонын ашық түрде кез келгенін алып шығу арқылы анықталады. Жеңімпаздарды жүлделер күтіп тұр.

Акцияның жеңімпаздары туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет- ресурсында www.kgd.gov.kz  жарияланады.

Чек талап ету дүниежүзілік тәжірибеде жалпылай қабылданылып жүрген норма, сонымен қатар тұрғындардың құқылық және қаржылық сауаттылығының индикаторларының бірі болып табылады. Берілмеген чек – бюджеттің кіріс бөлігіне түспей жасырылған табыстың салығы және көлеңкелі экономиканың айналымы болып табылады, яғни әр азаматтың өмір сүру деңгейіне кері әсерін тигізеді деген сөз.

Облыс тұрғындарын тауар сатып алғанда немесе қызметін пайдаланғанда чек талап етуге шақырамыз және сол арқылы өзіңізге де мемлекетке де пайдаңызды тигізесіз.

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің осы іске жауапты басқармасының телефоны - 8 (718-2) 32-56-84.

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің сенім телефоны – 8 (718-2) 53-55-71.