Дата публикации: 30.06.2015 10:10
Дата изменения: 30.06.2015 10:10

Бюджеттік сыныптама кодтарының қысқартылуы туралы.

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №577 Бұйрығымен Біріңғайбюджеттік сыныптамаға өзгерістер енгізілгені жөнінде хабарлайды, оларға сәйкес, 2015 жылдың 1шілдесінен бастап салық және кеден төлемақылары бойынша бюджеттік сыныптама кодтарының қысқартылуы жүргізіледі.

            Осы өзгерістер– Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы                  30 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы                               18 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасы Біріңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» №403 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» №420 негізгі Бұйрығымен реттеледі.

            Сонымен қатар, 2015 жылдың басынан бастап Армения Республикасы және Қырғыз Республикасы Еуразиялық экономикалық одаққа кіруіне байланысты Біріңғай бюджеттік сыныптамаға кеден төлемақылары бойынша қосымша 7 бюджеттік сыныптама кодтарының енгізілді (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20қаңтардағы №37 және 2015жылғы 19 мамырдағы №306 Бұйрықтары).

            Нәтижесінде, 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданыстағы 215 бюджеттік сыныптама кодтарыныңдан қазіргі кезде 119 бюджеттік сыныптама кодтарыныңсі қысқартылды, ол, қолданыстағы бюджеттік сыныптама кодтарыныңлардың жартысынан көбін құрайды, 96 бюджеттік сыныптама кодтарының сақталды. 2014 жылдың бюджеттік сыныптама кодтарыныңлардың жаңадан енгізілген бюджеттік сыныптама кодтарыныңларға сәйкестілігі кестесі  Мемлекеттік кірістер комитетінің ресмисайтында (www.kgd.gov.kz «Анықтамалықтар» бөлімінде)орналасқан.

            Ақпараттық жүйелерде жаңа бюджеттік сыныптама кодтарыныңларға көшу демалыс және мереке күндері (2015жылдың 4,5,6 шілдесінде) жүргізілетін болады. Сәйкесінше, төлемдерді қабылдау 1,2,3 шілдеде ескі бюджеттік сыныптама кодтарының бойынша, ал 2015 жылдың 7 шілдесінен бастап жаңа бюджеттік сыныптама кодтарының бойынша жүргізіледі.

            2015жылдың 03 шілдесінен бастап 2015жылдың 07 шілдесіне дейін кезеңінде ақпараттық жүйелерде жүргізілетін теникалық жұмыстарға байланысты есептік нысандарды беру бойынша сервистер жұмыс істемейді және тіркеу әрекеттеріне қатысты интеграцияланған салықтық ақпараттық жүйе заңды тұлғалар, мемлекеттік деректер базасы  және «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер базасы арасында деректерді өңдеу жылдамдығы төмендейді.