Дата публикации: 21.12.2015 12:46
Дата изменения: 21.12.2015 12:46

2015 жылдың 22 маусымында Қазақстан Женевада Дүниежүзілік сауда ұйымына кiру бойынша келiссөздi аяқтады. 2015 жылдың 12 қазанында бiздiң елдің ДСҰ кіруі туралы хаттама Қазақстан республикасы Президентінiң Жарлығымен ратификацияланды және 2015 жылдың желтоқсанында Қазақстан аталған ұйымның толық құқықты мүше болды.

Сонымен бiрге, ДСҰ-на Қазақстанның кiруiнiң негiзгi шарттары, оның ішінде тауарлық позицияның бірқатары бойынша тарифтік мiндеттемелер – Алып қою тізбесі, әкелу ставкасы ДСҰ шарттарында Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифтің шеңберiнде қолданыстағы кедендік бажбен салыстырғанда төмен болып табылады,

Бүгінгі кезде Алып қою тізбесі 1 347 тауарлық позициядан (СЭҚ ТН шеңберінде барлық 97 тауарлық топтың 58 тауарлық тобы, оның ішінде: оларға 2015 жылдың желтоқсанынан кедендік әкелiм баждарының ЕАЭО БКТ-нен төмен мөлшерлемесi қолданылатын (ауылшаруашылық өнiмі, жеңiл өнеркәсiп, көлiк құралдары және т.б.) болады.

ДСҰ шеңберiнде Одаққа мүше басқа мемлекеттерге төмендетiлген кеден баждары бойынша әкелінген қазақстандық тауарлардың реэкспортының болуы мүмкiн деген Одақ елдерiн именушiлiкгін ескере отырып, ЕАЭО Мемлекет басшлары 2015 жылдың 16 қазанында ДСҰ кіру шеңберiнде Қазақстан Республикасының тарифтік мiндеттемелерiн имплементациялау жөнiндегi бірқатар құжаттарға қол қойылды (ЕЭОШ 16.10.2015 ж. № 22 шешiмі).

Қол қойылған құжаттарға сәйкес төмендетiлген кеден баждары бойынша оларды әкелген жағдайда ғана Одақтың басқа елдерiнің аумағына Алып қою тізбесінегі тауарларды әкетуге жол бермеуге Қазақстан Республикасы өзіне мiндеттеменi мойнына алды.

Алып қою тізбесіне енгізілген тауарларды ҚР аумағына әкелу не ДСҰ ставкалары бойынша, бірақ Қазақстан аумағынан шегінен шығару құқысыз, не болмаса оларды кейіннен Одаққа мүше басқа мемлекеттерде өткізу мақсатында ЕАЭО БКТ ставкалары бойынша жүзеге асырылуы тиіс.

Осыған байланысты, Қазақстанға тауарларды импорттау кезінде 2015 жылды 1 желтоқсаннан кейiн мынадай талаптарды сақтауы тиіс:

1) Алып қою тізбесінен ДСҰ мөлшерлемесі бойынша ҚР әкелінген тауарлар Қазақстан Республикасының шегінен шығару мен айналымына тыйым салынады;

2) ЕАЭО БКТ мөлшерлемесі бойынша ҚР әкелінген тауарлар ЕАЭО кедендік аумағына алып келген кезде кеден декларациялар мен электрондық шот-фактураның көшiрмелерімен сүйемелденуі тиiс;

3)  ҚР өндірілген тауарды ЕАСО мүше мемлекетке әкеткен кезде, егер бқл топтың тауары Алып қою тізбесінде болған жағдайда, растайтын құжат ретінде СТ-1 нысанындаығ тауардың шығу тегi туралы куәлiктi тапсыруы тиіс.

Алып қою тізбесіне енгізілген тауарларды бақылау мақсатында Қазақстан мынадай мәліметтерден тұратын тауарға ілеспе құжаттармен ресімделген «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінпайдаланады:

  • Тауар туралы мәлiметтер;
  • Тауардың саны;
  • Кеден декларациясының нөмiрі;
  • Кеден декларациясы бойынша тауардың реттiк нөмiрі;
  • ЕАЭО БКТ мөлшерлемесі бойынша әкелу кеден баждарын төлеуi туралы мәлiмет.

Тауарлардың орын ауыстыруына бақылауды жүзеге асыру мақсатында электрондық шот-фактураларда «Тауар туралы деректер» G  бөлімінің 14-бағанында кеден декларациясының (КД) нөмiрін көрсету және осы бөлімнің 15-бағанында КД көрсетiлген тауардың реттiк нөмiрі мен кеден бажының мөлшермесi (мысалы, ДСҰ немесе ЕАЭО БКТ) көрсетiледі.

Мұнымен қоса ДСҰ мөлшерлемесі бойынша әкелген тауарлар ҚР аумағынан шығарған кезде, ЕАЭО мүше мемлекеттердің  заңдарына сәйкес жауапкершiлiк шаралары ескерілген. Тауарлардың орын ауыстыруы, оның ішінде төмендетiлген мөлшерлемелер бойынша тасымалдаушылар әкелгенін ескере отырып, ниеті түзу емес кәсiпкерлердiң әрекеті үшін жауапкершiлiк соларға артылады.

Осыған байланысты, Хаттаманың нормаларына сәйкес тасымалдаушы жоғарыда айтылған жүкке ілеспе құжаттары болмағанда Қазақстан Республикасының аумағынан шығарған кезде көрстеуі тиіс қажеттi рұқсатсыз жүктердi тасымалдаудан бас тартуға құқы бар.

Бұл шаралар ҚР аумағынан олардың транзитi кезінде Алып қоюлар тiзбесіндегі | тауарларға, сондай-ақ Қазақстанда өндірілген тауарларды ЕАЭО мүше мемлекеттерде өткізген кездегі тауарларға таралмайды.

Бұдан тыс, Алып қою тізбесіне енгізілген тауарларды әкетуге электрондық шот-фактураларды толтыру электрондық цифрлық қол қоюы (бұдавн әрі - ЭЦҚ) болуы тиіс. Осыған байланысты, сауда қызметiн жүзеге асыратын кәсiпкерлер ЭЦҚ алуы қажет.