Дата публикации: 27.01.2016 12:53
Дата изменения: 27.01.2016 12:53

Қазіргі уақытта Ұлттық экономика мен қаржы министрліктері біріккен Салық және Кеден кодекстерін (бұдан әрі - Кодекс) әзірлеуде.

Кодексті әзірлеудің мақсаты салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін салықтық және кедендік рәсімдерді біріздендіру, оларды жетілдіру және оңайлату болып табылады.

Осы мақсатқа Сіздердің Кодексті әзірлеу процесіне белсенді қатысудың нәтижесінде қол жеткізу мүмкін.

Сіздерге белсенді азаматтық ұстанымды білдіруді және Кодекс жобасын талқылауда белсенді қатыса отырып, азаматтардың, бизнес пен мемлекеттің өзара қарым-қатынасының аса тиімді моделін құру үшін негіз болатын өз идеяларыңызбен бөлісуді ұсынамыз.

Арнаулы осы үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында,Сіздердің ұсыныстарыңызды жинақтау, қарастыру, талдау және талқылау үшін тақырыптарға бөлінген форум ашылды.