Дата публикации: 04.12.2019 17:31
Дата изменения: 04.12.2019 17:31

       Салық кодексінің 206-бабының 2-ші тармағына сәйкес Салықтық есептілік салық төлеушінің (салық агентінің) Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес ұсынылатын құжаты болып табылады, онда салық төлеуші (салық агенті), салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы, активтер мен міндеттемелер туралы, сондай-ақ салықтық міндеттемелер мен әлеуметтік төлемдерді есептеу туралы мәліметтер қамтылады.Салықтық есептiлiк салықтардың, бюджетке төленетiн төлемдердiң түрлерi, әлеуметтiк төлемдер бойынша салықтық декларацияларды, есеп-қисаптарды, оларға қосымшаларды қамтиды.

   

Осы сан, мемлекеттік кірістер органдарында заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер болып тіркелген салықтөлеушілер,іс жүзінде кәсіпкерлік қызметтерін жүзеге асырмайтындығын немесе  табыстарын жасырып және тиісінше салықтарды төлемейтіндігін көрсетеді.

Бұл ретте,  осы бағытта мемлекеттік кірістер органдарымен  салықтөлеушілер арасында тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, деректер қорларында бар СЕН-ын және уәкілетті органдардың мәліметтерін қолдана отырып, камералды бақылау жүргізіледі. Жүргізілген шаралар  нәтижесінде табыстарды жасыру және салықтарды төлемеу фактілері анықталады. Анықталған бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қолданылып жатыр. Жекелеген салықтөлеушілермен қызметті тоқтатуға өтініштер табыс етілуде.

29.10.2015 ж. қабылданған №375-V Кәсіпкерлік кодексінің 2-бабында кәсіпкерлік ұғымы туралы жазылған. Азаматтардың, оралмандардың және заңды тұлғалардың мүлікті пайдалану, тауарларды өндіру, сату, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету арқылы таза кіріс алуға бағытталған, жеке меншік құқығына (жеке кәсіпкерлікке) не шаруашылық жүргізу немесе мемлекеттік кәсіпорынды жедел басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлікке) негізделген дербес, бастамашыл қызметі кәсіпкерлік болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкер атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.

Жоғарыда мазмұндалғанға сүйене отырып, кәсіпкерлік қызметінен алынған кірістер бойынша салықтарды есептеп және төлеу бойынша салықтық міндеттемелерін орындауға салық төлеушілерді шақырамыз, егер кәсіпкерлік қызметі болмаған жағдайда, тіркеу орны бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына қызметті тоқтатуға өтінішті тапсыру қажет.